Оған барлығы 5 партия қатысуда
Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Дауыс беру 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, яғни, «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы» қатысуда. Аталған партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған.
Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде:
Ал жергілікті мәслихаттарға 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан - 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді.
Дауыс беру учаскелік сайлау комиссияларында жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден бастап 20.00-ге дейін өтеді.
Шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кетейік, шет елдерде Қазақстан азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылды.