Қазақстанның Жапония мен Корея Республикасындағы сайлау учаскелері жұмысын бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл елдерде жүрген қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігі бар

Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Токиодағы #261 және Сеулдегі #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін ашылды. Бұл елдерде жүрген қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігі бар.

Ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс. Ол Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті.