Алматы облысында 3 ай бойы іздеуде болған тұрғын табылды

Автор: Azattyq Rýhy

33 жастағы азаматтың не себепті хабарсыз кеткені анықталып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының полицейлері 3 ай іздеуде болған 33 жастағы жігіттің мекенжайын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазан айында 1988 жылы туған Ақсу ауданының тұрғыны үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Бұл туралы полицияға оның қарындасы хабарлаған. 7 қаңтарда іздеу жарияланған жігіт Сарқан ауданынан табылды. Жігіттің туыстарына хабар берілді», - деп жазылған хабарламада.

Оның не себепті хабарсыз кеткені және осы уақыт аралығында қандай жағдайда өмір сүргені анықталып жатыр.