Бұған дейін осы лауазымда Жанна Пірәлиева істеді
Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сархат Бейсенова 2020 жылдың мамыр айында декрет демалысына кеткенге дейін елорданың бас санитария дәрігері қызметін атқарған. Одан кейін осы лауазымда Жанна Пірәлиева істеді. Қазір Жанна Пірәлиева департамент басшысының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде.