Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізге халықаралық рейспен бір күнде 1980 жолаушы келген 

Фото: 24.kz

Өткен тәулікте, яғни 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Италия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 980 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 751 адам, анықтамасыз 229 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 746; анықтамасыз - 74;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 121 жолаушы, анықтамамен - 966, анықтамасыз - 155;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 23 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 16 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сәйкес, 7 қаңтарда анықтамасыз келген 275 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.