Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы коронавирус бойынша Қазақстан «жасыл» аймақта тұр

 

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы қайтадан «қызы аймаққа» енді.  

Айта кетерлігі, 8 қаңтарда бірде-бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.

Ал бүгінгі матрицада Атырау облысының «қызыл» аймаққа қайта кіргені белгілі болды. Атырау өңірі бұған дейін де бірнеше рет «қызыл» аймаққа енген болатын.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Жалпы коронавирус бойынша Қазақстан қазірше «жасыл» аймақта тұр.