Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан жеті адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 283 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан мен коронавирус белгілері бар пневмониядан барлығы жеті адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

9 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.