Республика бойынша коронавирустан емделіп шыққандар саны 148 263 адамға жетті
Қазақстанда 751 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 55,
Алматы қаласында - 67,
Ақмола облысында - 62,
Ақтөбе облысында - 10,
Алматы облысында - 22,
Атырау облысында - 134,
Шығыс Қазақстан облысында - 100,
Батыс Қазақстан облысында - 28,
Қарағанды облысында - 33,
Қостанай облысында - 20,
Маңғыстау облысында - 33,
Павлодар облысында - 143,
Солтүстік Қазақстан облысында - 36,
Түркістан облысында - 8.
Елімізде барлығы 148 263 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп, сауығып шықты.