Өңірде ауа температурасының күрт төмендеп кеткеніне бірнеше күн болды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері аязға қарамастан жолға шыққан автобустан 37 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өңірде ауа температурасының күрт төмендеп кеткеніне бірнеше күн болды. Қоғамдық көлік жүргізушісі «Өскемен-Аягөз» бағытында жолға шығып кеткен. Автобус жүргізушісінің айтуынша, салонда 37 жолаушы болған. Олар облыстағы ЖШС-лардың бірінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар», - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, Аягөздегі қонақүйлердің біріне орналастырды.