Түркістан облысында мереке күндері 150-ге жуық нысан карантин талабын бұзған

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция департаментінің қызметкерлері мереке күндері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеді

Фото: 24.kz

Мереке күндері Түркістан облысында 150-ге жуық нысан карантин талабын бұзған. Оның 19-ы Түркістан қаласында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Тексерушілер сауда орындарында келушілер арасында арақашықтық сақталмағанын және сатушылардың медициналық қолғапсыз жұмыс істегенін анықтады. Сонымен қатар шектеулерге қарамастан жұмыс істеп келген компьютерлік ойын клубы да анықталды.

«Полиция департаментінің қызметкерлері мереке күндері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеді. 28 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында облыс көлемінде сақшылармен 144 карантин талаптарын бұзған жәйт анықталды. Олар бойынша материалдардың бәрі жинақталып, СЭС-ке жолданды», - дейді облыстық ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.