Шектеу 40 градус аязға байланысты енгізілді
Шығыс Қазақстан облысында 40 градус аязға байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақавтожол» ЖШС-ға сілтеме жасап.
«Өңірде ауа температурасының күрт төмендеуіне (-40 градус) байланысты 5 қаңтарда сағат 18.00-ден бастап қоғамдық көліктер мен дизельдік отынмен жүретін көліктерге республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың барлық учаскелерінде жүруге уақытша шектеу енгізілді», - деп жазылған хабарламада.