Оқулық XIX ғасырда жазылған
Ақтөбе облысындағы Тасөткел ауылының тұрғыны бейіт ішінен араб тілінде жазылған 4 кітап тауып алған. Тарихи еңбектер 1963 жылы басылған газетке оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Облыс орталығынан барған арнайы мамандар оқулықтың XIX ғасырда жазылған еңбек екенін анықтады. Зират басынан табылған көне жәдігер облыстық өлкетану музейіне тапсырылды. Кейіннен ол руханият мұражайына ауыстырылады. Ғалымдар құнды жәдігерлерді мұқият зерттеп шықпақ.
«Мешіт қызметкерлері бұл кітаптың бір жарым-екі ғасырлық тарихы бар деп айтты. Төрт кітап анық бар. Құранның өзі емес, шариғат заңдары көрсетілген. Мешіт қызметкерлері қолданған кітап», - дейді өлкетанушы Серік Әбжами.