ШҚО-да дизель отынды көліктер қатып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

15 азамат жылыту пунктіне жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында 7 жүк көлігінің дизель отыны қатып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«4 қаңтарда «Шансиман» маркалы 7 автокөліктің дизель отыны қатып қалған. Облыста ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеді. Оқиға орнынан 15 азамат жылыту пунктіне жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.