Олар ауруханада жатыр
Павлодарда екі ер адам аязда үсіп қалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1973 жылғы ер адам орташа ауырлықтағы жалпы үсіп қалу диагнозымен терапиялық бөлімге жатқызылды. Ол орташа деңгейде масаң күйде болған», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аязда үсіп қалған екінші ер адам – 1960 жылғы. Ол ауруханаға білегін ІІІ дәрежелі үсік шалу диагнозымен жатқызылған.