Алматы облысында жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста қатты боран соғып тұр

Фото: баспасөз қызметінен

Алматы облысында қатты боран салдарынан жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолдың» Алматы облысындағы филиалдарының 2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 10.30-да берген хабарламасына сәйкес, қатты боран болып, жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал-Достық (Көктума ауылы - Достық станциясы, 84-184-шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген» , - делінген ТЖД хабарламасында.

Бұдан бөлек, Алматы облысы ТЖД азаматтарға ұзақ жолға шықпауды сұрайды. Қандай да бір жағдай болса, 112 нөміріне қоңырау шала алады.