Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 262 адам ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда осы уақытта 22 511адам короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 4 846 адам стационарда, 17 665 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Ем қабылдап жатқан 262 адамның жағдайы ауыр, 55 адамның денсаулық жағдай өте ауыр, 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.