Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 753 адам коронавирус жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Вирус ПТР-тест арқылы анықталған

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп жазады coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 75
  •  Алматы қаласы – 110
  •  Шымкент қаласы – 5
  •  Ақмола облысы – 57
  •  Ақтөбе облысы – 5
  •  Алматы облысы – 51
  •  Атырау облысы – 94
  •  Шығыс Қазақстан облысы – 41
  •  Жамбыл облысы – 12
  •  Батыс Қазақстан облысы – 29
  •  Қарағанды облысы – 42
  •  Қостанай облысы – 58
  •  Қызылорда облысы – 6
  •  Маңғыстау облысы – 9
  •  Павлодар облысы – 94
  •  Солтүстік Қазақстан облысы – 57
  •  Түркістан облысы – 8

 Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 155473 адам.

Сондай-ақ, өткен тәулікте елімізде коронавирустан тура 600 адам емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 143 075 адамға жетті.