Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Zoom арқылы денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесті.
Кездесуге партия атынан Мейрам Бегентаев, Олег Крук, Света Әбдіраманова, Раушан Даумова және Илья Теренченконың сенімді адамы Хелуа Қашкенова қатысты. Әңгіме барысында өңірде медицина саласын қолдау және денсаулық сақтау ісін дамыту мәселелері қаралды.
Айталық, жиын барысында спикерлер коронавирус пандемиясының аталған сала үшін үлкен сын болғанын атап өтіп, індет медицинадағы кейбір олқы тұстарды көрсеткенін айтты.
«COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бүгінде облыста тар мамандардың тапшылығы байқалады, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бар. Сол себепті өңірде адамдарды алғашқы медициналық көмекпен барынша қамтамасыз ету, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деді Света Әбдіраманова.
Сондай-ақ нұротандықтар алдағы бес жылда облыста атқарылатын нақты міндеттерді санамалап өтті. Мысалы, «Nur Otan» партиясы Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанынан 60 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа корпусы мен бірінші қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту мен онлайн-медицинаны дамытуға күш салады.
Әңгіме соңында медиктер партиялықтарды тұшымды сұхбаттары үшін алғыс айтып, кандидаттарға алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді