Петропавлда бесінші қабаттан құлаған бала ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға түске қарай Амангелді көшесінің бойында болған.

«Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қалай құлағаны анықталуда», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала өте ауыр халде жатыр. Бұл жыл басынан бері болған төртінші оқиға. Бұған дейін терезеден құлаған балалар қаза тапқан еді.

Тегтер: