Жолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалына сілтеме жасап.
«27 желтоқсан күні жергілікті сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (Теректі ауданы Подстепный ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы) және Орал-Атырау (Орал қаласы – Атырау облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды», - деп жазылған хабарламада.
Жабылу себебі – боран, жабысқақ қар, көктайғақ.