Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық автожол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Автожол қоғамдық көліктер мен дизельді автокөліктер үшін жабылады

Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас аумағында жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -35 С дейін төмендеуі) 27 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап, 28 желтоқсан сағат 09.00-ге дейін «Алматы - Өскемен« республикалық маңызы бар автожолдың 558-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы) қоғамдық көліктер мен дизельді автокөліктер үшін жабылады», - деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі жіберетін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.