Қазақстанның төрт облысы «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

 

Еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 151 727 адамға жетті

 

Фото: ашық дереккөзден

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 27 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды жария етті.

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары енді.

«Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы кірді.

Өзге өңірлер «жасыл» аймақта тұр.

Айта кетсек, бүгінде еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 151 727 адамға жетті.