COVID-19-дан жазылып шыққандар саны 1176 адамға толықты

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша барлығы 139 022 адам қауіпті вирустан емделіп шықты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 1176 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 35
Алматы қаласы - 23
Ақмола облысы - 77
Алматы облысы - 25
Атырау облысы - 101
Шығыс Қазақстан облысы - 724
Батыс Қазақстан облысы - 23
Қарағанды облысы - 35
Қостанай облысы - 2
Павлодар облысы - 45
Солтүстік Қазақстан облысы - 83
Түркістан облысы – 3.

Қазіргі таңда елімізде барлығы 139 022 адам COVID-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.