Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда тұман түсіп, бұрқасын болады

Фото: ашық дереккөзден

27 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты сегіз өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, облыстың солтүстік-батысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 18 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысынның кей жерлерінде -35 градусқа дейінгі қатты аяз күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шымкент қаласында сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.