COVID-19: 3 мың ерікті қазақстандық вакцинаның сынақтарына қатысуға дайын

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі басталды

Фото: ашық дереккөзден

QazCovid-in коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі басталды. Вакцинаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жасаған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

«244 қазақстандық қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижесінде вакцинаның қауіпсіз екендігі, антиденелер түзетіндігі, жасушалық және гуморальдық иммунитетті қалыптастыратыны белгілі болды. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне үш мың ерікті қатысады. «», - деп жазылған ҚР БҒМ таратқан хабарламада.

Айта кету керең, зерттеудің барлық қатысушысына бір реттік сыйақы мен медициналық сақтандыруға кепілдік беріледі.