Оқу жылы басталғалы бері 237 білім беру нысаны тексеріліп, 28 заңбұзушылық анықталды
Оқу жылының басынан бері Қарағанды облысында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 184 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Оның ішінде 107–і күндізгі режимде, 77-сі қашықтықтан оқытылды.
«Бүгінгі таңда 5 мектеп қашықтықтан оқытуға көшірілді. Бұл Ақтоғай ауданында – 1, Бұқар Жырау ауданында – 2, Теміртау қаласында – 2 мектеп.
Оқу жылының басынан бері мониторингтік топтар 237 білім беру нысанын тексеріп, 28 заңбұзушылықты анықтады.
Мектептерде анықталған заңбұзушылықтар арасында:
- ең үлкен үлес салмағын маска режимін бұзу құрады;
- таңертеңгі сүзгі жүргізілмейді, дымқыл тазалау сапасыз жүргізіледі;
- дезқұралдар, антисептиктер жеткіліксіз және пайдаланылған маскаларға арналған ыдыстар жоқ;
- қашықтық белгілері жоқ, парталар арасындағы арақашықтық сақталмайды, сабақтар арасындағы аралық қысқарады.