Оралда 2-топтағы мүгедек далада қалуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Оны туғаны інісі мен әпкесі қуып шықпақ

Фото: ашық дереккөзден

Оралда 2-топтағы мүгедек далада қалуы мүмкін. Оны қара шаңырақтан туғаны інісі мен апасы қуып шықпақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Анатолий Зайкин мұңын шағып, талай жердің табалдырығын тоздырған. Бірақ еш нәтиже болмапты. Енді кімнен көмек сұрарын білмей дал болып отыр. Ол, ата-анасынан қалған қара шаңырағынан айырылып қалды. Араздасып қалған ағайын соттан әділдік іздеген. Сот шешіміне сәйкес, баспана бөліске түсіпті.

«Сот шешімімен үйді бөліске салғанда ағам 4,5 миллион, апам 1 миллион теңгені қалтаға басты. Сот орындаушысының өзі қызметі үшін 700 мың теңгедей алды. Ал маған бергені тиын-тебен теңге ғана. Олардың үйлері бар. Бірақ олар ата-анамнан қалған үйді тартып алмақ. Енді қайда барарымды білмей отырмын. Бауыры болса, бәріне жалғыз ағасын айыптады», - дейді Орал қаласының тұрғыны Анатолий Зайкин. 

55 жастағы мүгедектің інісі мен апасынан басқа туысы жоқ. Отбасын құрмаған. Заңгерлер болса, мүлік бөлісінде шикілік болғанын алға тартып отыр.