«Алматы-Өскемен» жолаушылар автобусының жанармайы қатып, жолда қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Автобус жүргізушісі ауа райы жағдайын ескермей, жаздық жанармаймен жолға шығып кеткен

Фото: altaynews.kz

Алматының Үшарал қаласынан Өскеменге бара жатқан жолаушылар автобусының жанармайы қатып, жолда қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Автобус жүргізушісі ауа райы жағдайын ескермей, жаздық жанармаймен жолға шығып кеткен. Көлікте ересектермен бірге бес бала болған. «Алматы-Өскемен» тасжолында жүргізушілерден сауалнама алып жүрген тәртіп сақшылары жолаушылар автобусына кездейсоқ кез болды.

«Тасжолдың 1022 шақырымында автобус тоқтап қалған. Өйткені көлікке жазғы жанармай құйылған. Жүргізуші ауа-райы жағдайын ескермеген. Үшаралда ауа температурасы + 4°C болған кезде, ШҚО-да минус 36 градусты көрсетіп  тұрған. Салонда 16 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары дереу іске көшіп, көліктерді тоқтатып, бос орындарға жолаушыларды отырғызып жіберген.

Департаменттің мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: