Биыл дәстүрлі мереке ұйымдастырылмады
Елордада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Биыл пандемияға байланысты Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен дәстүрлі мереке ұйымдастырылмады. Дегенмен ЕХРО қалашығының маңында серуендеп жүрген тұрғындар шыршаның түрлі түске боялғанына куә болды. Түрлі арт-инсталяциялар да жағылып, халықты мерекелік көңіл күйге бөледі.
Айта кету керек, Жаңа жыл қарсаңында шыршаны салтанатты жағу рәсімі 2017 жылдан бері ЕХРО қалашығының маңында ұйымдастырылып келеді.