1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 44 400-ден асты
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Оған қоса, бір тәулікте 45 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 44414 адам, 475 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 228-ге жетті.