Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды
Бүгін Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты қала мектептерінде кезекші топта білім алатын оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының ақпаратында.