Тойға 30-дан астам адам жиналған
Рудный қаласында мониторинг тобы карантин режимін бұзған тойхана иесіне айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер Рудный қаласындағы «Керуен» тойханасына барып, үйлену тойын тоқтатты. Мейрамхана әкімшілігі аймақта енгізілген карантин шараларына қарамастан қонақтарды қабылдаған.
Тойға 30-дан астам адам жиналған. Енді тойхана иесі мен мереке иелеріне ҚР ӘҚБтК 425-бабында көзделген айыппұл салынады. Полиция жинаған материалдарды ары қарай шешім қабылдау үшін Рудный қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырды.