Коронавирус жұқтырудан АҚШ-та тәуліктік рекорд орнады

Автор: Azattyq Rýhy

Ел билігі бір күнде 403 359 жағдай тіркелгенін хабарлады

Фото: РИА Новости

АҚШ-та бір тәулікте 400 мыңнан астам COVID-19 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл – ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сенбіде берген мәліметі. Айта кетерлігі, науқастар саны алдыңғы максимумнан 150 мыңға артты.

Ел билігі 403 359 жағдай тіркелгенін хабарлады. Бір күн бұрын ауру жұқтырғандар саны 230 953 еді.

CDC мәліметтері бойынша, алдыңғы рекорд 11 желтоқсанда тіркелді. Ол кезде тәулігіне 244 011 жағдай тіркелгені туралы хабарланған еді.