Коронавирустан емделіп жатқан 259 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 350 адам короновирус инфекциясынан (13 622 КВИ+ және 11 728 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 482 пациент стационарда, 20 868 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 259 адамның жағдайы ауыр;

• 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.