ШҚО-да Жаңа жылды мейрамханаларда қарсы алуға рұқсат берілді

Автор: Azattyq Rýhy

 01 қаңтарға қараған түні қоғамдық тамақтандыру объектілеріне сағат 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына Жаңа жылды мейрамханалар мен кафелерде қарсы алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

21 желтоқсанда күшіне енетін ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушының жаңа қаулысы бойынша жаңа жылдың алғашқы түнінде қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Алайда бірқатар шектеу әлі де сақтаулы.

«Көпшілік, жаңажылдық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа), билерді өткізбей (өз үстелінен шықпай)  бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50 пайызынан асырмаған жағдайда 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға қараған түні қоғамдық тамақтандыру объектілеріне сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін», - делінген қаулыда.

Тегтер: