Жексенбі күні қар, боран, көктайғақ болады
20 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте – жауын-шашын, болады. Батыс аудандарда жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, боран соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, түнде және таңертең - 23-28 м/с.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар, түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с.
Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.