Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 22 адамға пневмония диагнозы қойылды

Фото: ашық дереккөзден

Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 19 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 86 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44360, 470 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32122 жетті.