19 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

19 желтоқсан күні солтүстік аудандарында қар жауады. Тек республиканың шығысында жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман, жел күшейеді. Күндіз жел екпіні - 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - боран, күшті жел. Түнде кей жерлерде жел жылдамдығы 23 м/с жетеді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.