COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл аймаққа» өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл аймақта» тек Атырау облысы қалды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының деректеріне сәйкес, коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа ауысты. Матрица Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қызыл аймақта» тек Атырау облысы қалды. «Сары аймақта» СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары орналасқан. Қалған өңірлер «жасыл аймақта» тұр.