ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

17 желтоқсанда 378 адам ПТР-анықтамасыз келген

Фото: ашық дереккөзден

2020 жылғы 17 желтоқсанында Қазақстанға Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2 052 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 674 адам, анықтамасыз 378 ҚР азаматы келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.