Короновирустан емделіп жатқан 242 науқастың жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделгендерге қатысты 18 желтоқсандағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам коронавирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 242 адамның жағдайы ауыр; 35 пациенттің жағдайы өте ауыр; 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.