Сонымен қатар 24 адамнан пневмония анықталды
18 желтоқсанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 24 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 111 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 44 338, 468 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 036 жетті», делінген хабарламада.