18 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жұма күні Қазақстанның кей жерлерінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

18 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында қар жауады. Қазақстанның қалған аумағы күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, күшейеді, солтүстігінде – жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.