COVID-19 жұқтырған 38 науқас аса ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 251 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 11 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 163 пациент стационарда, 21 117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында: 251 адамның жағдайы ауыр, 38 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.