Бүгін – Тәуелсіздік күні

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 29 жыл толды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялағанына бүгін 29 жыл толып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Айта кетерлігі, Қазақстан одақ құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындаған еді. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындап, таныды. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.