Айсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 16 тамызында қайтыс болған еді
ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Портреттің штрихтары» атты деректі фильмінің екінші бөлімінде Айсұлтан Назарбаевтың өлімі туралы өкінішін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өкінішке қарай, биыл біз маған қатты ұқсаған немеремізден айырылып қалдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салсақ, Айсұлтан Назарбаев биыл 16 тамыз күні, 30 жасқа толуына тура он күн қалғанда қайтыс болған еді. Оның өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның екінші ұлы Айсұлтан 1990 жылдың 26 тамызында дүниеге келген болатын.
Айта кетсек, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында Елбасы туралы түсірілген «Портреттің штрихтары» деректі фильмінің екінші бөлімін жариялады.
«Портреттің штрихтары. Тәуелсіздік» жобасының алғашқы сериясы 1 желтоқсан күні «Хабар» арнасынан көрсетілген болатын.