Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалған
Алматы облысының аумағында заңсыз ойын ойнатқан бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.
Құмар ойынды күдіктілер кафелердің бірінде ұйымдастырған. Тексеру барысында екі покер столы анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар, фишкалар, карталар, ойнатылған ақша да тәркіленіп алынды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, елімізде құмар ойын бизнесімен тек курортты екі қалада ғана рұқсат етілген.