Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған
«Есіктен-есікке» акциясы аясында «Nut Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының басшысы Елубай Әбілов Ақтау қаласының «Шығыс 2» шағынауданында болды. Штаб басшысы «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге үй-үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді.
«Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.
«Шығыс 2» шағынауданының тұрғындары да нұротандықтарды жылы лебізбен қабылдап, шағынаудан бойынша бүгінге дейін жасалған жұмыстарға алғысын жеткізді. Жергілікті тұрғын, мұнайшы Серік Жаңбырбаев партия құрамында 2014 жылдан бастап мүше екенін айтып, үйме-үй кіріп насихат жұмыстарын жүргізіліп жатқанына ризашылығын білдірді. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.
Штаб басшысы Елубай Жақайұлы да биылғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жанды форматта ашық диалог негізінде жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.
11 желтоқсаннан басталған үгіт-насихат жұмыстарына «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де өте белсенді қызмет атқаруда. Өңір бойынша 693 ерікті жас бар.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді