Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың 7 өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғады

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің 7 аумағында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысының кей аумағында тұман түседі. Ақтөбе қаласында да түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с құрайды. Петропавл қаласында тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жезқазған қаласында тұман түседі.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с құрайды. Шымкент қаласында кей уақытта тұман түседі деп күтілуде. Түркістан қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.