ШҚО-да бір күнде үш көлік мұз астына түсіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл оқиғалар жұқа мұздың үстімен жүрудің салдарынан болды

Фото: баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысында бір күннің ішінде 3 көлік мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздік ережелерін ескермеудің және жұқа мұздың үстімен жүрудің салдарынан бүгін 3 оқыс оқиға болды. Екі көлік Көкпекті ауданында, бір көлік Шүлбі кентінде мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар жүргізушілерге көліктерді судан шығаруға көмектесті.

«Шүлбіде құтқарушылар көлігі мұз астына түсіп кеткен жүргізушіні арнайы «Кунг» автокөлігіне отырғызып жылынуына және киімін кептіріп алуына жағдай жасады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.